БҚО-да төрт ағайындыны өлтірген өзбекстандық өмір бойына сотталды
Фото: freepik.com
БҚО-ның мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Өзбекстанның 48 жастағы азаматы Шафкат Жазиловқа үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz Мой город сайтына сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтері бойынша, қанды қылмыс 2024 жылдың мамыр айында Бәйтерек ауданында болған. Өзбекстандық азаматтар маусымдық жұмысқа келген. Қайғылы оқиға болған күні Жазилов пен оның жерлесі арасында жанжал болады. Өзбекстандықтар туған күн тойлап отырған. Бірақ сотталушы мас күйінде әркімге тиісіп, қолына балта мен шанышқы алып лақтыра берген. Кейін оны басқалары тыныштандыруға тырысады. Алайда Жазилов «Бәріңді өлтіремін» деп бензин құйылған құтыны газдың үстіне тастап жібереді.
Алапат өрт салдарынан 4 адам қайтыс болады. Біреуін қатты күйік шалды.
«Қаза тапқандар-екі ағайынды Худайбердиев және екі ағайынды Намазовтар», - деді судья Асланбек Дүйсенғалиев.
Барлық жәбірленушілер сотқа онлайн қатысты. Олар судьядан Жазиловтың Өзбекстанға қайта оралмауы үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.
Жазиловтың өзі кінәні ішінара мойындады. Оның айтуынша, ол канистрде бензин емес, су бар деп ойлаған екен. Алайда сот оның сөздеріне күмәнмен қарады.
Сот үкімімен Шафхат Жазилов екі немесе одан да көп адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық