«БҚО-да оқушы өз-өзіне қол жұмсады»: мектеп директоры мен психологқа қатысты тергеу басталды
Фото: freepik.com
БҚО прокурорының орынбасары Азамат Құстанов облыста балалар суицидінің 27%-ға өскенін мәлімдеді. Облыс республика бойынша көш бастап тұр екен, деп хабарлайды Orda.kz.
Прокурор орынбасарының айтуынша, балалар суицидінің себептерінің бірі — жауапты адамдардың немқұрайлылығы. Азамат Құстанов Ақжайық ауданындағы мектепті мысалға келтірді. Аудандағы мектептердің бірінде жасөспірім өз-өзіне қол жұмсау ниеті барын жазып, сауалнама толтырған. Ал мектеп психологы мәліметті мектеп басшылығына жеткізбеген. Көп ұзамай жасөспірім өзіне қол жұмсайды. Қазіргі таңда психологқа, мектеп директорына және оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Бұл мәселеде жауапкершілік мектеп қызметкерлеріне ғана емес, білім басқармасының басшылығына да жүктелуі тиіс деп санаймын», — деді Азамат Құстанов.
Айта кетейік, кеше, 22 қазан күні Қырғызстанның Ош қаласында қайғылы жағдай болды. Өрт салдарынан 34 жастағы әйел мен оның 13, 11, 9, 6 және 2 жастағы балалары қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық