БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
Коллаж: Orda.kz
Әлеуметтік желілерде 16 наурыз күні Шыңғырлау ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынған шенеуніктің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Тараған мәліметтерде марқұммен қоштасу рәсімі 19 наурызда өтетіні айтылған, деп хабарлайды Orda.kz
Еске салайық, оқиға Шыңғырлау ауданында болған. Алғашқы мәлімет бойынша, полицияға жәбірленуші қыздың әкесі жүгінген. Оның айтуынша, 2 қаңтар күні ер адам оның кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне шақырып, зорлаған.
Сол кезде БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы «Кәмелетке толмағанды зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.
Кейін құқық қорғау органдары тергеу барысында хат алмасулар мен басқа да материалдарды зерттеп, кәмелетке толмағанға қатысты зорлық фактісі анықталмағанын мәлімдеді. Ал 16 жастағы қыз бен оның анасы күдіктіге ешқандай шағымдары жоқ екенін айтып, қарым-қатынас өзара келісіммен болғанын жеткізген.
Алайда қыздың әкесі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Полицияда қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатқаны хабарланды. 27 ақпанда БҚО прокуратурасы күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеген. Айта кетейік, күдікті Шыңғырлау ауданы әкімдігінің бөлімдерінің бірінде жұмыс істеген. Арыз түскеннен кейін ол қызметінен босатылған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық