БҚО-да есепші онлайн казинода жеті миллион бюджет теңгесін ұтқызды
Orda.kz
Қаратөбе аудандық соты бюджеттің бірнеше миллион теңгесін ұрлап, құмар ойынға жұмсаған мемлекеттік мекеменің есепшісіне үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, есепші мекеме басшысына тиесілі ЭЦҚ кілтін заңсыз пайдаланған. Ол бюджет ақшасын өз шотына заңсыз аударған – осылайша, 7 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған. Соңында есепшінің қылмыстық жоспары әшкереленіп, 189 баптың 3-бөлігі бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi iрi мөлшерде иемдену және жымқыру) қылмыстық іс қозғалды.
Есепші өз кінәсін мойындап, ұрланған ақшаны құмар ойынға жұмсағанын айтты. Кінәлі өз бастамасымен келтірілген шығынның бір бөлігін өтеп берді дегенмен, ол миллионды ғана қайтара алды.
Сот есепшіні үш жыл алты айға бас бостандығынан айырды, сондай-ақ сол мерзімде бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық