БҚО-да аңшылар 4 мыңнан астам киік аулады
Фото: ҚБСА
БҚО-да 1 шілдеден бері 4 мыңнан астам киік ауланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мамандар 1 айда ауланған жануардың саны аз екенін айтады. Олардың айтуынша, аңшылар киік аулауға салғырттық танытып жатқан көрінеді.
Киік етін жеткізу мақсатында 7 кәсіпорынмен келісім бар. Бірақ қазіргі таңда киік еті тек бесеуіне ғана жеткізіліп жатыр. Сонымен қатар еттен консерві жасау жоспарланған еді. Алайда шикізаттың жетіспеуіне байланысты комбинат етті қалбырда бұқтыруға әлі кіріспеді. Бүгінде 5 бригада киік атумен айналысады.
Айта кетейік, Батыс Қазақстандағы киік популяциясын реттеуге 40-қа жуық маман тартылған. Облыс аумағында киік саны 2,3 млн басқа жеткен. Соның 20% — 460 мың киікке дейін ғана атылады. 1 қыркүйектен бастап киіктерді жаппай тормен аулау басталады. Киік аулау ісі 30 қарашаға дейін жалғасады.
Еске салайық, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Өзбекстанға киік беру мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық