«Бюджет тапшылығы болады»: Аймағамбетов жер қойнауын игеретіндердің салықтан босатуға қарсы
Фото: Gov.kz
Депутат Асхат Аймағамбетов мәжілісте қаралып жатқан салық салудағы жеңілдіктерді сынады. Оның пікірінше, бұған дейін мемлекетке қыруар қаржы төлеп келе жатқан «алыптардың» жеңілдік талап етуі негізсіз, деп хабарлайды Orda.kz.
Депутаттар үшін ерекше алаңдаушылық туғызған мәселелердің бірі — жер қойнауын пайдаланушыларға арналған салық жеңілдіктері. Кодекс жобасында оларды қатты пайдалы қазбаларды (ҚПҚ) өндіруге салынатын салықтан босату қарастырылған. Бұл шара бюджетке 70-100 миллиард теңге шығын келтіруі мүмкін.
ҚПҚ өңдеу жөніндегі келісімдерге сәйкес компанияларды жалақы төлемдерінен басқа барлық салықтардан босату ұсынылады. Бір ғана «Қазақмыс» компаниясының шығындары — бес жылда 343 миллиард теңге болған.
«Тиімсіз мұнай кен орындары үшін баламалы салық режимін енгізу ұсынылды. Есептерге қарасақ, 2025-2027 жылдары бюджет 234 миллиард теңге тоғыз компанияның әсерінен тапшылыққа ұшырауы мүмкін» деп жазды депутат өз Telegram -арнасында.
Аймағамбетовтың пікірінше, жеңілдіктерді талап етіп отырған көптеген компаниялар бұрын үлкен дивиденд төлегенін ескерсек, олардың қаражат жетіспеуі туралы айтуы негізсіз.
Сондай-ақ, ол өңдеу өнеркәсібі үшін корпоративтік салықты 10%-ға дейін төмендету ұсынысын сынға алды, бұл ұсыныс әлеуметтік сала салық жеңілдіктерінен айырылған кезде жасалып отыр. Мұндай жеңілдікті алуы мүмкін салалар: мыс, алтын өндіру, автомобильдер мен техника құрастыру, машина жасау, металлургия және т.б. бар.
«Әлеуметтік сала салық жеңілдіктерінен айырылып жатқанда, ірі бизнес үшін салықты төмендету қаншалықты әділетті?» — деп сұрады депутат.
Бұдан бөлек, мәжілісмен контрабанданы талқылап, 2023 жылы темекі өнімдерінің таңбалануы 300 миллион қаптамаға төмендегенін мысалға келтірді. Оның айтуынша, бұл тұтынудың төмендеуіне емес, заңсыз импорттың өсуіне байланысты. Заңсыз саудадан келетін шығындар жылына 100 миллиард теңгедей болады.
Аймағамбетов әділ салық саясатын жүргізу үшін тек негізсіз жеңілдіктерді жою ғана емес, сонымен қатар заңсыз сауданы бақылауды күшейту қажет екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, Асхат Аймағамбетов Талғардағы атышулы кісі өлімі — марқұм Шерзаттың ісі қоғамның қызу талқысына түскенде құқық қорғау органдарына реформа жасау маңызды екенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Алматыда тұрғынның смартфоны ұйықтап жатқанда жарылған
- WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдан бас тартуын қабыл алды
- 32 ауыр жүк көлігі жолда қалды: Артық жүк артқан тасымалдаушылар жазаланды
- Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
- «ҚазТАГ» және Freedom Finance ісі бойынша сот тергеуі аяқталды
- Трамп хуситтердің Сауд Арабиясында теңіз блокадасын бастау туралы мәлімдемесіне жауап берді
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады