Бізге Еуразиядағы «үлкен ойындар» қажет емес – Тоқаев
Фото: Ақорда
Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Мемлекет басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының маңызды бағыттары жөнінде өз ой-пікірін ортаға салды. Оның пікірінше, қазіргі кезде өңірлік қауіпсіздік мәселесі өте өзекті.
– Бұл сала бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілгені қуанышты жәйт. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимылдар жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламасы – соның айқын дәлелі. Аталған бағдарламаны бүгін бекітеміз. Сонымен қатар терроризм мен экстремизмді қаржыландырушы заңсыз есірткі айналымы мен есірткі бизнесіне қарсы тиімді күрес жүргізу үшін бірлескен іс-қимылдарды жалғастыруға дайынбыз. Соңғы жылдары киберқауіпсіздік мәселесі алдыңғы орынға шықты. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ШЫҰ Орталығының тезірек құрылуы маңызды мәселелерге толық жауап береді және Ұйымның ақпараттық кеңістігінің қорғалуын күшейте түседі. Экономикалық саладағы трансұлттық қылмыстар өткір проблема болып табылады, – деді Тоқаев.
Еуразиядағы үлкен ойындар керек емес екенін айтқан Президент ортақ мақсат – ШЫҰ кеңістігін тұрақты, экономикалық жағынан дамыған және өркендеген макроөңірге айналдыру екенін жеткізді.
– Бізге Еуразиядағы «үлкен ойындар» қажет емес, баршаға бейбіт, қауіпсіз және тұрақты болашақ қалыптастыру мақсатында зор серпіліс керек. Бұл үшін мемлекеттеріміздің тәжірибе, механизм, инфрақұрылым бойынша мүмкіншілігі жетеді. Ең бастысы, серіктестікті нығайтуға және бір-бірін қолдауға деген ортақ ниет бар. Біздің ортақ мақсатымыз – ШЫҰ кеңістігін тұрақты, экономикалық жағынан дамыған және өркендеген макроөңірге айналдыру, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық