Бізде ақша тым көп, содан инфляция болады – Сүлейменов
Фото: Midjourney
Қазақстандағы инфляцияның өсуіне елдегі ақша көлемінің шамадан тыс артуы себеп болып отыр. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжіліс дәлізінде сұраққа жауап берген Тимур Сүлейменовтің айтуынша, ел экономикасына тым көп қаражат құйылып жатыр.
«Инфляция көбіне бізде ақша тым көп болғандықтан туындайды. Монетарлық агрегаттар шамамен 18 пайызға өсті. Бұған дейін аздап төмендеу болғаны байқалған. Алайда қазір қайтадан өсіп келеді. Экономикаға өте көп ақша құйылуда. Оның екі негізгі көзі бар — ауқымды фискалдық шығындар мен белсенді тұтынушылық несиелендіру», — деді Сүлейменов.
Елде сұраныс тауар мен қызметтен тез өсті. Сұраныс көп болса, ал ұсыныс аз болса, баға шарықтап, инфляция пайда болады. Тапшылықты импортпен жабуға тырысқанда доллар бағасы көтеріледі. Сондықтан адамдардың ақша шашуға деген ынтасын басу үшін негізгі мөлшерлеме 18%-ға дейін көтерілді. Ұлттық банк айналымдағы ақша көлемін шектеуді көздеп отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық