Біз жастардың жағдайына ерекше көңіл бөлеміз – Смайылов
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, UNFPA атқарушы директоры Наталия Канеммен кездесті.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар ҚР әлеуметтік саласын, оның ішінде білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту, жастарды қолдау жөніндегі бастамаларды, сондай-ақ Алматыда UNFPA көшбасшыларының жаһандық кездесуін өткізу мәселелерін талқылады.
Сонымен бірге ол БҰҰ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары мен басымдықтары 2021-2025 жылдарға арналған Негіздемелік бағдарламада айқындалғанын, оны жүзеге асыру Қазақстанға нақты оң нәтижелер беріп отырғанын айтты. Мәселен, 1 қаңтардан бастап азаматтарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз ету қажеттілігін анықтауға көмектесетін Отбасының цифрлық картасы енгізілді.
«Біз жастардың жағдайына да ерекше көңіл бөлеміз. Жастар саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды, онда табыс деңгейін арттыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және сапалы білім беру шаралары қарастырылған» деп атап өтті Смайылов.
Наталия Канем Қазақстанның соңғы жылдары әлеуметтік саланы дамытуда қол жеткізген жоғары нәтижелерін атап өтіп, UNFPA жаңа бастамаларды жүзеге асыруда республикаға көмек пен техникалық қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын екенін растады.
«Біз Үкіметтің жастарды, әсіресе, республика бойынша ашылған жастар денсаулық орталықтарын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі күш-жігерін құптаймыз. Бұл тамаша жетістік, озық тәжірибенің үлгісі, біз бұл туралы Алматыда сөзсіз айтатын боламыз, онда әлемнің түкпір-түкпірінен UNFPA-ның 200-ден астам көшбасшысы жиналады. Осы тұрғыда өмірлік дағдыларға негізделген білім беру тұжырымдамасының маңыздылығын да атап өткім келеді, UNFPA бұл бағытты қолдауға дайын» деді Наталия Канем.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық