«Біз де қарапайым халықпыз»: жедел жәрдем қызметкерлері президентке видео үндеу жасады
Емханалардағы фельдшерлер, диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының жүргізушілері Денсаулық сақтау министрлігінің жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрығына енгізілген түзетуден бас тартуды талап етеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Естеріңізге сала кетейік, енгізілген түзету бойынша түнгі және демалыс күндері жедел жәрдем қызметін көрсету үшін шақыртуларға бару тоқтайды.
Петропавлдық фельдшер видеода:
«Бұл жобаны қабылдау арқылы – қарапайым халық қана зиян шегеді. Жедел жәрдем бригадаларына да үлкен жүктеме болады, түнгі уақытта ұзақ кешігулер болады», - дейді.
Түзету бойынша емханалардағы жедел жәрдем бригадалары жұмыс күндері әрі жұмыс уақытында ғана жұмыс істейтін болады.
«Біз, диспетчерлер, фельдшерлер және жүргізушілер, жедел жәрдем қызметін қысқарту орынсыз деп есептейміз, өйткені біз онсыз да жедел жәрдем көлігіне 60% күш түсіріп жатырмыз. Бұйрықтағы түзетулерден бас тартуды талап етеміз», - деп толықтырды Теміртаудағы 4-ші емханасының фельдшерлері.
Емханалардың жедел жәрдем бригадалары тек 4-ші жедел топтың шақыруларына жауап береді. Яғни, қан қысымы жоғары, бронхиалды демікпесі және басқа да өмірге қауіп төндірмейтін созылмалы аурулары бар науқастарға арналған.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем бригадалары мұндай науқастарға түнде және демалыс күндері келетінін түсіндірді.
Дегенмен, бұл бұйрықтан туындайтын әлеуметтік мәселе де бар: жедел медициналық көмек көрсету топтарындағы көптеген қызметкерлер жұмыссыз қалады.
«Біздің жалақымыз соншалықты жоғары емес. Түнгі ауысымның арқасында ғана қажет болған едік. Енді ол да болмайды. Мобильді бригадаларда қалатын фельдшерлердің біразы болмашы жалақы алады... Біздің де несие, ипотекамыз, бала-шағамыз бар. Біз бар болғаны қарапайым халықпыз. Бізге қолдау керек. Біздің зарымызға құлақ асыңыздар!», - дейді Орал қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің фельдшері.
Бейнехабарлама кейіпкерлерінің айтуынша, видео жарияланғаннан кейін басшылық оларға қысым көрсетіп жатқан көрінеді.
Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық көмек жүйесі жай ғана 2020 жылға дейін жұмыс істеген режимге қайта оралғанын, дегенмен тәжірибе өзін ақтамағанын айтады.
Фельдшерлерге жедел жәрдемдегі жұмысқа көшуді ұсынылды, бірақ бұл қиын болғандықтан олар қаламайды. Ал 2 жыл бұрын оншақты Астана емханасы пилоттық жоба бойынша түнгі жедел жәрдемді қабылдаудан бас тартты. Бригадалар тек таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істеді.
«Бұл Астана қаласындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары мысалында пысықталды. Ең бастысы, халықтың дер кезінде көмек алғаны екенін біз жақсы түсініп отырмыз. Келу уақтылы қамтамасыз етілуде, біз мұнан ешқандай шығынды да, қауіпті, көмек қолжетімсіздігі сияқты жағдай көрмедім. Сондықтан еш қорқыныш болмауы керек. Қазіргі таңда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы деңгейінде жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді еш қиындықсыз жұмысқа орналастыруға болады деп ойлаймын», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының директоры Айгүл Қасымова.
Медициналық кадрлардың тапшылығы үнемі байқалады. Жұмыссыз қалған фельдшерлер мен жүргізушілерге жедел жәрдемде немесе емханалардан жұмыс ұсынылады екен.
«Фельдшерлердің біліктілігі учаскелерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар жалақы жағынан да ұтылмайды», - дейді Айгүл Қасымова.
Жаңалықтар
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкенттік келіншек кәсіпкерден балаларын ала алмай жүр