Биылғы түлектер мектеп бітіру күнін қалай өткізеді
Фото: Ашық дереккөзден
Еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау 25 мамырда тек 11-сынып оқушылары үшін соғылады. Бірақ бұл күні сәнді көйлектермен жарысып, мейрамханаларда тойлап, кортеждермен серуендеуге болмайды. Білім министрлігі оны челлендж немесе пікірталас форматында өткізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім вице-министрі Светлана Жұмаділдаева биыл 11-сыныптың 186 мың оқушысы мектеппен қоштасатынын айтты.
Олар үшін департаменттің ұйытқы болуымен «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбымен 25 мамырда соңғы қоңырау соғылады.
«Біз форматты өзіміз ойлап тауып, бұл квест немесе хакатон, пікірталас алаңы немесе ата-аналар мен мұғалімдердің кеші болады деп ұсындық. Мәселе балаларды мерекеден ажыратпау болды. Мектептерге жаңа формат ұсына отырып, біз жылда қайталанатын зиянды дәстүрден – көшелерде автокөлік кортеждерінің жүруіне жол бермейміз. Ата-аналардың ақшасының көбі соған жұмсалады. Барлық ата-аналар мұндай қаржылық шығындарды көтеруге дайын емес, өйткені оған мейрамханаларда аталып өтетін бітіру кештері ғана емес, сонымен қатар 25 мамырға жалға берілетін орындар да кіреді», – деп мәлімдеді вице-министр.
Сондай-ақ ол мерекенің қымбаттығына байланысты көптеген ата-аналардың тиісті министрлікке шағымданғанын жеткізді.
«Балалар, әсіресе қыздар ата-аналарына бал көйлегін алдырып, әдемі шаш үлгісі мен беттерін әрлеу шығындары бар. Нәтижесінде отбасына қаржылық салмақ түседі. Сондықтан біз білім беру саласындағы саясатты айқындайтын мемлекеттік орган ретінде оқушыларға жоғары білімді ұлт пен білім мәдениетіне сай келетін жаңа дәстүр қалыптастыруды ұсындық», - деп түйіндеді Светлана Жұмаділдаева.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық