Биылғы мектеп түлектері қорытынды емтихан тапсыратын болды
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қарынова ОКҚ өткен онлайн-брифингте БАҚ өкілдерінің сұрақтарына да жауап берді.
Сауалдар арасындағы «Пандемияға байланысты биыл 9 -11 сынып оқушылары қорытынды емтихан тапсырудан босатыла ма?» деген сұрақтың жауабын көпшілік күткен еді. Шолпан Қарынова биыл қорытынды аттестацияның болатынын айтты.
— 9 -11 сынып түлектерін үшінші тоқсаннан бастап оқыту туралы шешім 9 сыныптардың да, 11 сыныптардың да емтихан тапсыратынына байланысты қабылданды. Сондықтан біз дайындалып жатырмыз. Оқушылар, мектептер бірыңғай қорытынды емтихандарға дайындалуда. Бұл емтихандар қажет. Қорытынды аттестация - негізгі мектепті және орта мектепті бітіргендігі туралы куәлік алуға құқық береді. Сол себепті біз биыл қорытынды аттестация болуы керек деп есептейміз. Бүгінде осыған орай білім және ғылым министрлігінің бұйрығы дайындалып жатыр, - дейді Қарынова.
Вице-министрдің айтуынша 9 сынып оқушылары үш емтихан тапсырады, ол — қазақ, орыс тілдері және математика пәндері. Ал 11 сынып оқнушылары төрт емтихан тапсырады. Сонымен бірге вице-министр эпидемиологиялық ахуалға байланысты жеке шешімдер қабылданатынын да ескертті.
Бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықан болатын, оған сәйкес, төртінші тоқсанда бітіруші сыныптар пәндердің 70 пайызын штаттық режимде оқитыны белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық