Биыл инфляция 2 есеге төмендеуі мүмкін
Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Үкімет отырысында қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Смайылов 4 айдың қорытындысы бойынша ел экономикасы жақсы өсу қарқынын көрсетіп отырғанын айтты.
«Қазіргі жағдайда біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл – оңай шаруа емес. Оған экономиканың салаларында үйлесімді жұмысты қамтамасыз ете отырып, қол жеткізуге болады. Алдымызда тұрған міндеттерді орындау үшін әрбір министрлік пен өңірдің қосатын үлесі аса маңызды» деді Смайылов.
Сондай-ақ Үкімет басшысы негізгі капиталға 18,5 трлн теңге мөлшерінде инвестиция тарту керек екенін атап өтті.
«Біздің мақсатымыз – биыл инфляцияны 2 есеге төмендету. Ол үшін үйлесімді және нақты шұғыл шаралар қажет. Биылғы жылдың сәуір айында инфляция 16,8%-ға дейін баяулады. Өңір әкімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша сапалы жұмысты жалғастыруы керек» деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық