Биыл ақпанда 2,6 мың адам шекарада заң бұзған
Фото: шекара қызметінің баспасөз қызметі
2024 жылғы ақпанда шекарада Қазақстан заңнамаларын бұзған 2 559 адам ұсталды, оның 24-і – шетел азаматы, тағы 17 шетел азаматы заң бұзбақ болған. Бұл туралы шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттік шекара арқылы 996 заңсыз алып өту фактілерінің жолы кесілді, оның ішінде:
- 54 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 60 келіден жоғары;
- 20 факті – атыс қаруы мен оқ-дәрілер (6 дана ату және 140 дана суық қаруы, 32 дана оқ-дәрі);
- 63 факті – діни әдебиет (3 078 дана);
- 330 факті – жалпы сомасы 8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (38 101 литр);
- 429 факті – халықтық тұтыну тауарлары, жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам;
- 100 факті – шетел валютасы , жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам.
Каспий акваториясында 18 браконьерлік факті анықталды.
- 109 дана (454 келі) бекіре тұқымдас балықтар;
- 39 дана (93 келі) таза тұқымдас балықтар.
Алды алынған залал сомасы – 173,5 млн теңге.
"Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр" делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық