Биыл 67 журналист қызмет бабында қаза тапты
Әлемнің 21 елінде журналистер қайтыс болды, оның басым көпшілігі Украинада қаза тапқандар.
Халықаралық журналистер федерациясы 2022 жылы қызметте жүріп қайтыс болған және түрмеге жабылған журналистер санының өскенін тіркеді, деп хабарлайды федерация сайты.
Оның айтуынша, 2022 жылдың басынан бері 67 журналист пен БАҚ қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан. Өткен жылы бұл көрсеткіш – 47 адам болған.
Хабарда Украинадағы соғыс қимылдары салдарынан 12 БАҚ қызметкерінің қаза тапқаны, бұл журналистер қаза тапқан 21 ел арасындағы ең жоғары көрсеткіш екені айтылған.
Мексикадағы қылмыстық ұйымдардың терроры және Гаитидегі заңдылық пен тәртіптің бұзылуы тиісінше 11 және алты БАҚ өкілінің өліміне себеп болды.
— Журналистердің және басқа БАҚ қызметкерлерінің өлімінің артуы алаңдаушылық туғызады және бүкіл әлем үкіметтерін демократияның негізгі тіректерінің бірі болып табылатын журналистиканы қорғау үшін шаралар қабылдауға тағы бір рет шақырады, - деді Халықаралық журналистер федерацияның бас директоры.
Сондай-ақ федерация есебінде 2022 жылы 375 журналист пен БАҚ қызметкерінің саяси қуғын-сүргін құрбаны болғаны - олар қазір темір тордың ар жағында отырғаны көрсетілген. Сотталған журналистердің ең көп саны Қытай, Түркия, Иран, Беларусь, Египет және Ресейде тіркелген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық