Бішкекте шетелдіктермен төбелес болып, мыңдаған адам көшеге шықты
Фото: kaktus.media
Қырғызстандағы хостелдердің бірінде болған жаппай төбелестен кейін 300-ге жуық жас жігіт шетелдіктерден кек алуды шешкен. Нәтижесінде Бішкек полициясының барлық қызметкерлері дайындыққа қойылып, қауіпсіздік күштері қоршау орнатып, тұтқындаулар басталды, деп хабарлайды 24kg.
Ашынған адамдар қоршауды бірнеше рет бұзып өтуге әрекеттеніп, ғимараттарды қиратып, полицейлермен қақтығысқанымен, ұстамдылық танытқаны белгілі. Тәртіп сақшылары қазірдің өзінде 10 шақты адамды қамауға алды. Сондай-ақ полиция «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, үш шетелдік азаматты ұстады.
«Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы Будённый көшесіндегі жатақхана қонақтары – жергілікті тұрғындар мен шетелдіктер арасында төбелес болғанын анықтады. Оқиғаға қатысқандардың барлығы Свердлов облысы ІІБ тергеу қызметіне жеткізіліп, олар арыз жазды», - деп хабарлайды Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметі.
13 мамырда Бішкекте шетелдіктер қатысқан жаппай төбелес болды. Оқиға шетелдіктер тұратын жатақханалардың бірінің ауласында болған. Олар бірнеше жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. 17 мамырда осы жатақхана маңына адамдар жинала бастады.
Артынша Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев Бішкекте жергілікті тұрғындар мен еңбек мигранттары арасындағы жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді.
Арнайы қызметінің басшысы жаппай төбелес себебін «азаматтардың Мысыр, Пәкістан, Бангладеш және Үндістан сияқты елдерден келген мигранттардың көбеюіне алаңдауы» деп атады. Және ол жиналғандардың шетелдік бүлікшілерді елден шығару туралы талаптарын қолдады.
Бірақ өз азаматтарының арасында тәртіп бұзушылар болды, олардың кейбірі қарумен тәртіпке келтіруге келген.
«Біз жиналғандарды бақылап, әлеуметтік желілерде билікке қарсы деструктивті әрекеттерге шақырған арандатушыларды анықтадық. Олар ұсталды. Сонымен қатар қарумен келгендер анықталды. Олар да қамауға алынды. Егер біреу арандатушылыққа бой алдырса, оқ атқан болса, оның салдары болар еді», - деп түсіндірді Қамшыбек Ташиев оқиғаға қатысты.
Қақтығыс себептері әлі хабарланған жоқ. Шетел азаматтары тұратын жатақханаға 300-ге жуық қырғызстандық келіп, төбелес шығарғаны белгілі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық