Бішкекте хиджаб киюден бас тартқан қызға ата-анасы қорлық көрсетті
Фото: бейнеден кадр
Бішкекте 20 жастағы қыз хиджаб киюден бас тартқаны үшін ата-анасы ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып, сасық сұйықтыққа батырып қинаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы «Сезім» дағдарыс орталығы әлеуметтік желіде хабарлады. Орталықтың дерегінше, ата-анасы қызды оқуға жібермей, үйден шығармай, телефонын тартып алған. Жәбірленушінің сөзінше, ата-анасы оның хиджаб кимеуін «жынның әсері» деп түсіндіріп, молдаға апарған.
«Мен хиджаб кимеймін, бұл — менің таңдауым. Бірақ олар бұған қарсылық білдірсем, бойымнан жын шығару керек деп ойлайды», — деген жәбірленуші дағдарыс орталығы жариялаған видеода.
«Сезім» қызметкерлерінің айтуынша, ата-анасы қызды күн сайын молдаға апарып, «жын шығаруды» талап еткен. Сол жерде оны құбыршекпен (шланг) соққыға жыққан, сондай-ақ арнайы бөшкеге отырғызып, белгісіз сасық сұйықтыққа батырып азаптаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанның Манас ауданында 26 жастағы жігіт қызбен сүйісем деп тілінің 30 пайызы мен ернінің 40 пайызын зақымдап алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық