Бішкек милициясы Викрам Рузахуновқа қатысты тергеуді аяқтады
Бішкек милициясы Қаңтар қырғыны кезінде Алматы қаласынан туған жеріне сапарға шығып, жолда әскери адамдарға ұсталған, артынша абақтыда отырып азапталған қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновқа қатысты тергеуді аяқтады.
«Сарапшылар денсаулығыма ауыр зиянын тигізгенін анықтады. Жиналған материалдар Қырғызстанның Бас прокуратурасы арқылы кінәлі тұлғаларды анықтау және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанның құзыретті органдарына жіберіледі» делінген музыканттың Facebook парақшасында.
Алматы қаласында ұсталған алғашқы террористердің бірі деп көрсетіліп, артынша Қырғыз Республикасының билігі мен халқының үн қатуы арқылы босатылған музыкант Викрам Рузахунов музыкадан бөлек, ІТ бизнеспен айналысатынын, Алматыға серіктестерімен болашақ жобаны талқылау мақсатында келгені туралы баяндаған.
4 қаңтар күні митинг басталған. Жергілікті достарының кеңесіне сүйенген Рузахунов 4, 5 және 6 қаңтар күндері ешқайда шықпаған. Ахуал қиындап, отбасымен байланыса алмаған ол Бішкекке қайтуға шешім қабылдайды.
7 қаңтар күні ол «Сайран» автовокзалына келген. Көлікте одан бөлек тағы үш жолаушы болған. Алматы–Бішкек тас жолында Самсы ауылының тұсында блок-бекетте оларды тоқтатып, барлығын тексерген.
Рузахуновтың айтуынша, қырғыз паспортын көрген тәртіп сақшылары оны көліктен түсіріп, басынан ұрып, алып кеткен.
Рузахунов үш күн бойы тәртіп сақшылары оның жеке басын анықтауға тырыспағанын айтқан. Ол Бішкекке келгеннен кейін біршама уақыт өз-өзіне келе алмағанын және денсаулығына шағымы бар екенін айтты.
Кейін тексеру кезінде оның қабырғасының сынғаны, бас сүйегіне зақым келгені, төс сүйегінің жарақаты және басқа да көптеген сыртқы жарақаттар алғаны анықталған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық