Бишімбаевтың және оның отбасының үйін тәркілеуді талап ету петициясы жарияланды
Фото: Ашық дереккөзден
Бүгінгі сотта Қуандық Бишімбаевтың және оның туыстарының мүлкін тәркілеуді талап ететін петиция жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
“Біз біргеміз” консультативтік-ситуациялық орталықтың бастауымен Бишімбаевтардың мүлкін тәркілеу ұсынылды. Белсенділер жағдайға президенттің араласуын сұрады.
«Уәкілетті органдарға нұсқау беріп, отбасының барлық мүлкіне жедел тексеру жүргізу қажет. Аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікпен қазір сотқа тартылған Бишімбаев бұрын министр болып жұмыс істеген кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғанын білеміз. Ашық дереккөздерден белгілі болғандай, жемқор шенеуніктің анасы әлі күнге дейін әртүрлі компанияларда ірі бизнес активтеріне ие. Бұл сотталған жемқор шенеуніктің үкімді орындаудан және мүлкін тәркілеуден жалтарып үлгергенін көрсетеді» делінген петицияда.
Олардың сөзінше Қуандық Бишімбаевтың анасында 2015-2016 жылдары иеленген активтердің болуы мүмкін емес.Үй шаруасында болған анасының, ұстаздықпен айналысқан әкесі Уәлихан Бишімбаевтың мұндай байлығының болуы сенімсіз дейді олар.
«Бишімбаев өз байлығының мүмкіндіктерін шексіз пайдаланып жатыр. Оны қорғайтын адвокаттардың саны оннан асты. Олардың арасында тергеу анықтаған айғақтарды бұрмалағысы келгендер де болды. Аталған заңгерлер Нүкеновтер отбасының сезімін, жалпы адамзаттық құндылықтарды төмендетіп, Нүкенованың образын жаман етіп көрсетіп, садистік қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамды ақтап шығаруға ұмтылып отыр», – дейді белсенділер.
Петицияға 61 мыңнан астам адам қол қойған.
Айта кетейік, бүгін Бишімбаев ісі бойынша 3-сот отырысы өтіп жатыр. Судья Бишімбаевтан сот барысында жауап алуға рұқсат берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық