Бишімбаевтың соты қаралым жағынан кей сериалдарды басып озды
Фото: Ашық дереккөзден
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты қаралым жағынан кейбір сериалдардан басып озды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Бишімбаевтың сотын тікелей эфирде көрсету туралы шешім қабылданған болатын.
«Осы ретте, Жоғарғы Сот басшылығының сот процестерін ашық және жария түрде өткізуге, сол арқылы қоғамдық бақылауды күшейтуге ниетті екенін атап өткім келеді. Аз уақыт ішінде материалдық-техникалық жабдықтарымен, барлық ниет білдірген БАҚ-тың сот процесіне кедергісіз, кідіріссіз қатысуы қамтамасыз етілді. Биылғы 27 наурыздан бастап 9 сот процесі бойынша 17 тікелей эфир өткізілді. Жалпы, тікелей эфирдің ретрансляциясына, процеске БАҚ-тың қатысуына ешқандай кедергі, шектеу болған жоқ», — деді Перизат Сәдуақас.
Перизат Сәдуақастың мәліметінше, сот қаралымы 20 млн-нан асып кеткен.
«Біздің YouTube арнамыздағы жазбаны көру қаралымы 1,5 млн-нан асты. Бұл, менің ойымша, резонансты іске қатысты қоғамның жоғары қызығушылығының көрсеткіші. Онлайн-трансляцияны көру аумағы ұлғаюда. Қазіргі таңда біздің эфирді АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей, Грузия, Молдова, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан секілді мемлекеттер көруде. Жоғарғы Сотқа осы сот процесін өз елдерінде онлайн таратуға рұқсат беру туралы шетелдік БАҚ-тан ұсыныстар түсуде. Дәл қазір бұл мәселені талқылап жатырмыз», - деді Жоғарғы Сот өкілі.
Тікелей эфирге 250 көрерменнің бір мезгілде қосылуы бойынша рекорд тіркелді.
«Сондай-ақ, біз жүргізген талдауға сәйкес тікелей эфир көрермендерінің 75%-ы қыз-келіншектер. Бұл — онлайн сот процесінің қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпалы болады деп үміттенеміз» делінген жазбада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық