Бишімбаевтың қорғаушысы істі «абайсызда өлтіріп алу» етіп қарауды сұрады
Фото: Ашық дереккөзден
Экс-министрдің қорғаушылары өтінішхатты оқып «абайсызда өлтіріп алу» етіп қарауды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Тергеу жүйелі түрде ұрып-соғу деректерін де, қаржылық тәуелділікті де дәлелдеген жоқ. Қорғаушы тарап соталды тергеп-тексеруді жалғастыруды, Бишімбаевтың әрекетін 104-баптың 1-бөлігі ("Абайсызда қазаға ұшырату") бойынша қайта саралауды сұрайды», - деді Назкен Құсайынова.
Адвокаттар істі қайта қарау заңсыз деп есептейді.
«Жоғарыда айтылғандар негізінде, Бишімбаевтың құқықтары мен бостандығын қорғау мақсатында, құрметті сот, сізден қылмыстық іс материалдарын қылмыстық іс жүргізу кодексінің заң бұзушылықтарын жою үшін алдын ала тыңдау сатысында прокурорға қайтаруыңызды сұраймын. Сот басты сот талқылауын ұйымдастыру, сондай-ақ оның көлемін анықтау мүмкіндігінен де айырылады. Немесе клиентті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы және 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылсын», - деп қосты Назкен Құсайынова.
Ал сотталушының қорғаушысы Бишімбаевтың өлтіру ниеті болмаған деп есептейді.
«Расында да мейрамханада жанжал болған (...) Бишімбаевтың барлық әрекеті Салтанат Нүкенованы тыныштандыруға бағытталған», - деді тағы бір адвокат.
Бишімбаев не үшін айыпталып отыр:
- Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы «Кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты қинау»;
- 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру»;
- 14-баптың 2-бөлігі 2-тармағы – айыптау тарапының пікірінше, Бишімбаевтың әрекетінен қылмыстың қауіпті қайталануы байқалады.
- Екінші сотталушы Байжановқа қандай айып тағылған:
- Қылмыстық кодекстің 432-бабы «Қылмысты жасырып қалу»;
- 434-бап «Қылмыс туралы хабарламау».
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық