Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан марқұмның туыстары істі «жылы жаба салады» деп күдіктенеді
Жерлеу рәсімінен кейін Салтанат Нүкенованың туыстары тергеудің барысы туралы айтты. Қылмыстық іс қозғалғалы бірнеше күннің ішінде үш тергеуші ауысып үлгергені белгілі болды.
«Желідегі жалған жарияланымдар мен түсініктемелерге қарап, жағдайды «жаба салуға» немесе жұмсартуға тырысады деген күдік пайда болды. Іс ашылғаннан бері үш тергеуші ауысты, оның себептері белгісіз. Сонымен бірге ескі тергеушілер жаңаларының нөмірін де бермейді, қоңырауларға да жауап бермейді» деп жазады туыстары Instagram парақшасында.
Нүкенованың отбасы тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр. Олар экс-министр Қуандық Бишімбаевтың отбасы кешірім сұрамағанын хабарлады.
«Марқұмның денесінің сау тамтығы қалмаған. Бізде оның суреттері мен видеолары бар, егер сіз оны көрген болсаңыз, бұл өте қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру екеніне күмәнданбас едіңіз. Адал тергеу жүргізіп, жасалған аяусыз зорлық-зомбылықты ақтауға тырыспауды сұраймыз».
Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, мейрамханада Бишімбаев пен оның әйелі Салтанат Нүкенованың арасында жанжал шыққан. Ол соққыдан қайтыс болды.
Жаңалықтар
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді