Бишімбаевтың ісін жүргізген судья марапатталды

cover Фото: Orda.kz

28 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Айжан Құлбаева маратталды. Ол бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесін жүргізген болатын, деп хабарлайды Orda.kz.

 

Судья сот жүйесіндегі көп жылғы жемісті және мінсіз қызметі үшін, сондай-ақ оны дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Мінсіз қызметі үшін» II дәрежелі медалімен марапатталды.


Айжан Құлбаеваға марапатты Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Айсұлу Сләмбекова табыс етті. Ол сот төрағасының адал көзқарасын, істерді қарау сапасын атап өтіп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар