Бишімбаевтың ісін жүргізген прокурордың қызметі көтерілді
Сот отырысының скриншоты
Саяхат Нұрбеков кезіндегі Бишімбаев ісіне қатысты атышулы сот процесі арқасында кеңінен танымал болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сонымен Саяхат Нұрбеков Байзақ ауданы прокурорының орынбасары болып тағайындалды. Нұрбеков бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың атышулы ісін тергеудегі шешуші рөлі арқылы жұртшылыққа кеңінен танылды.
Мәселен, ол «BAU» мейрамханасы орналасқан Гастрономиялық орталықтың күзет бар ма, күзетшілердің қайсысы Байжановқа телефон соққанын, Бишімбаев неліктен туысынан видеоны камералардан өшіруді сұрағанын анықтады.
Саяхат Нұрбеков 2013–2018 жылдары Қордай аудандық сотының, Жамбыл аудандық сотының бас маманы, Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы, Жамбыл облыстық сотының бас маманы қызметтерін атқарған.
2018-2023 жылдары - Мерке ауданы прокуратурасының, Тараз қаласының прокуратурасының, Жамбыл облысының прокуратурасының прокуроры болды.
2023–2025 жылдары Нұрбеков Астана қаласы прокуратурасының аға прокуроры және қала прокурорының аға көмекшісі болды. Оқиғаның шулы болғаны соншалық қазір Нұрбековтың Instagram аккаунтында 17 мың жазылушы бар.
Салтанат Нүкенова 2023 жылы 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні Астанадағы Гастрономиялық орталықтың екінші қабатындағы BAU мейрамханасында қаза болды. Кісі өлтірді деген күдікпен Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев сол күні ұсталды.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады