Бишімбаевтың ата-анасы туыстарын сотқа берді
Фото: Наталья Грэйс YouTube-арнасынан скриншот
Бишімбаевтар отбасының адвокаты Ерлан Ғазымжанов әлеуметтік желідегі парақшасында азаматтық істегі жеңіс туралы хабарлады. «Орда» редакциясы адвокатпен байланысып, сот процесінің мән-жайын білді.
Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы оның әкесінің туысы — Қайрат Кемеловке қарсы ар-намыс пен іскерлік беделді қорғау туралы талап-арыз түсірген. Кемелов — бұрынғы экономика министрінің әкесі Уәлихан Бишімбаевтың немере інісі және, тиісінше, Қуандықтың ағайынды туысы болып келеді.
Талап-арызға Кемелов айтқан мәлімдемелері себеп болған. Ол — 16 жылдан астам еңбек өтілі бар жоғары санатты дәрігер-сот-медэксперт.
Бір ютуб-арнаға берген сұхбатында Кемелов Салтанаттың қайғылы қазасынан кейін және сот процесі кезінде Бишімбаевтың ата-анасы одан сот-медициналық сараптамалар қорытындысына ықпал етуді бірнеше рет сұрағанын айтқан.
Олардың талабына Тахир Халимназаровқа жүгіну де кірген екен. Алайда Кемелов бұған келіспей қойған. Осыған байланысты Қуандықтың анасы Әльмира Нұрлыбекова ренжіп, кек алу мақсатында Кемеловтің жұбайына қарсы қылмыстық қудалау ұйымдастырды деген болжам айтылған.
Астана қаласының азаматтық соты бұл істі қарап шығып:
«Кемелов айтқан мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді. Сот осындай мәлімет айтылған YouTube-арнадаға жазбаны жоққа шығаруға міндеттеді», — деді Ерлан Ғазымжанов.
Аталған сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық