Бишімбаевтың адвокаты судья Құлбаеваның шешіміне қарсы болды
Фото: Ашық дереккөзден
Сотталған экс-министрдің қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлбаеваның жеке шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсіріп, 28 мамырда ол бойынша шығатын шешімді күтіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Адвокаттың айтуынша, бүгін судьяның 15 сәуірде шығарған жеке қаулысына шағымы қаралып жатыр. Бұған сотты құрметтемеушіліктің бірнеше рет қайталануы себеп болды.
Еске салайық, Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында адвокат Ғазымжанов судья Құлбаеваның әрекетіне екі рет қарсылық білдірген болатын.
«Сіз айыпталушының ашық сөйлеуіне мүмкіндік бермей, қорғауға тосқауыл қоясыз. Біз мұны біржақты процесс деп санаймыз. Біздің соттың барлығы бір Бишімбаевқа қарсы», – деп айтқан болатын қорғаушы.
Ғазымжановтың өзі қаулының мәнімен келіспей, арыз беруге шешім қабылдады. Orda.kz тілшісімен әңгімеде белгілі болғандай, бұл кезде сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткен.
Жаңалықтар
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр
- Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
- Катар мен Түркия Иранға үндеу жасады: Ормуз бұғазын қысым көрсету құралы ретінде қолданбасын
- Таразда рұқсаты жоқ жасөспірімдер көлікпен қашып, апатқа ұшырады
- Астанада іске қосылардан бұрын LRT жүйесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды
- Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
- Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады
- Каспий таязданды, итбалықтар қырылды. Себебі неде?