Бишімбаев жұмысқа кірмек
Фото: Orda.kz
Бишімбаев түзеу мекемесіне ауысқан соң жұмысқа орналасады және психологтар онымен жұмыс істейді.
Бұл туралы ҚАЖК төрағасы Теңізжан Жәнібеков хабарлады.
«Бишімбаев тергеу изоляторынан түзеу мекемесіне әлі кеткен жоқ. Күндердің бірінде мәселе шешімін табады. Ол жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейтін болады. Жұмыспен қамтуға қатысты: «Иә, сотталғандарды жұмысқа аламыз. Әсіресе, сот шешімі бойынша қарызы барларды. Өндіріс орындарында әртүрлі жұмыс орындары бар. «Еңбек» РМК-да ағаш және металл өңдеу бағыты бойынша жұмысқа орналаса алады. Мұның бәрі бос орынның қай жерде болатынына байланысты. Әрбір мекемеде осы мәселемен айналысатын жұмыспен қамту бөлімі бар»,- деді Теңізжан Жәнібеков.
Бишімбаев жаңа мекемеге ауысқан соң, сотталғандармен 15 күн карантинде болады. Карантиннен кейін, тиісті жасаққа орналастырылады. Тәрбие жұмыстары жүргізіліп, жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылады. Сонымен қоса олармен психологтар жұмыс істейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық