Бишімбаев пен Байжановтың аппеляциялық соты тікелей эфирде өтеді
Фото: telegram / Жоғарғы сот
Тікелей эфирде Бишімбаев пен Байжановтың аппеляциялық өтініші қаралады.
Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, 13 мамырда Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталды. Экс-министрдің туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім жарияланғаннан кейін сотталғандар мен олардың қорғаушыларынан заңмен белгіленген мерзімде аппеляциялық өтініш келіп түсті.
Өтініште Байжановтың қылмысты істегендердің қатарында болмауына, яғни тікелей қатысты болмауына байланысты жазаны өзгерту сұралды. Ал Бишімбаев әрекетін қайта саралауды, жазасын жеңілдетуді сұрап отыр.
Жоғарғы сот соңғы кездері жұрттың сот істеріне қызығушылығы артқанын ескеріп, аппеляциялық өтінішті қарайтын сот отырысы тікелей эфирде өтетінін мәлімдеді.
Сот 2024 жылдың 26 маусымында сағат 10.00-де өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық