Бишімбаев неге жедел жәрдемге емес, көріпкелге хабарласқанын түсіндірді
Фото: Ашық дереккөзден
Сотта жәбірленушілер тарапының адвокаты Жанна Оразбақова Бишімбаевтан сол түні неге жедел жәрдемге емес, көріпкелге хабрласқанын сұрады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Жәбір көрген тараптың адвокаты Бишімбаевтан көріп кел туралы ақпараттарды сұраған болатын.
«Ол Шымкентте тұрады, 1,5-2 жылдан бері бизнес мәселелері бойынша кейде хабарласып тұратынмын», - деп жауап берді Қуандық Бишімбаев.
Адвокат көріпкелдің медициналық білімі бар немесе жоқ екенін сұрады. Алайда сотталушы ол жайлы білмейтінін, бірақ оған әрқашан сенетінін айтты.
«Олай болса сотқа түсіндіріп беріңізші, басқа қалада тұратын, медициналық білімі бар ма, жоқ па өзіңіз нақты білмейтін адамға не үшін хабарластыңыз? Жаныңызда жатқан және медициналық көмекке мұқтаж әйеліңізге ол қалай қашықтан көмек көрсетуі керек еді?», - деп сұрады қорғаушы.
Сондай-ақ, Бишімбаев адвокатқа Салтанат Нүкенова медициналық көмекке мұқтаж болып тұрған кезде, ол жорамал жасап тұрғанын да айтты.
«Ол ұйықтап жатты. Менің түсінігім бойынша, ол ұйықтап жатты. Мен сіздің сұрағыңызға жауап бердім: мен оған (көріпкелге - еск.) сенетінмін. Яғни, бұрын мен кейбір бизнес жұмыстарым туралы сұрағанымда, ол әрқашан, менің ойымша, маған дұрыс жауап берді. Бірақ бұл өз түсінігім бойынша. Менде белгілі бір деңгейде сенім болды (...) Менің түсінігім бойынша, Салтанат ұйықтап жатты, оның өлім аузында жатқаны туралы ешқандай белгі болмады», - деді Қуандық Бишімбаев.
Адвокат одан «Егер Салтанат Нүкенова талып қалса, сіз неге көріпкелдің көмегіне жүгіндіңіз?» деген сұрақ қойды.
«Көгерген жері (Нүкенованың бетіндегі – еск.) үлкейіп бара жатты, бірақ есімде жоқ, қайдан шыққанын да түсіне алмадым. Сол жағында болған. Шынымды айтсам, бұл мені қатты абдыратып қойды», - деп жауап берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық