Бишімбаев колонияда өткен шахмат турнирінде жеңіске жетіп, ынталандыру сыйын талап етті
Фото: Orda.kz / Ольга Ибраева
Азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан колонияда өткен шахмат турнирінде жеңімпаз атанды. Сыйлық ретінде ол көтермелеу талап етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №5 мекемесінің атына жазған арызын таптық. Арызда Бишімбаев колония әкімшілігі оны табыстары үшін марапаттауды ұмытып кеткеніне шағымданады.
«2024 жылғы 6 қарашада №5 мекемеге сотталған Қ.Бишімбаевқа Конституция күніне және Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін көтермелеу шараларын қолданбау себептері көрсетілген жазбаша жауап беру туралы адвокаттық сауал жіберілді» деп жазылған арызда.
Сондай-ақ арызда экс-министрі Қ.Бишімбаевтың колонияның мәдени өміріне белсене араласатыны, спорттық жарыстарда өзін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар әңгімелер жазып жүргені де жазылған.
«2024 жылғы 31 тамызда талапкер Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған шахмат турниріне қатысты. Ол бірінші орын алып, сертификатқа ие болды. 2024 жылдың 15 қазанында Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шарада өз бастамасымен сотталғандарға өзінің өмірі туралы әңгіме айтып, сөз сөйледі» деп мәлімдеді оның адвокаты арызында.
Алайда колония әкімшілігі Бишімбаевтың еңбегін жөнді бағаламаса керек. №5 мекеме басшылығы атақты жазасын өтеушіге ішкі тәртіпті бұзғаны үшін сыйақы беруден бас тартқан. Оның нақты нені бұзғаны көрсетілмеген. Бірақ Қуандық Бишімбаев осы шешім үшін сотқа шағымданып, колонияның өзіне бей-жай қарайтынын мәлімдеді.
«Талапкердің ата-анасы қарт адамдар, ол өзі отбасындағы жалғыз ұл. Осыған байланысты ол ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, бұзушылықтарды болдырмауға және колония өміріне белсенді қатысуға тырысады, осындай әрекетімен ол бірнеше ынталандырудан кейін ата-анасымен қосымша қысқа мерзімді кездесуге қол жеткізе алатын еді» деп жазылған шағымда.
Әкімшілік сот Бишімбаевтың жақсы жүріс-тұрысы үшін марапаттау туралы талаптарының әкімшілік іс жүргізуге қатысы жоқ деп тауып, талап арызды қайтару туралы шешім қабылдады.
Қылмыстық-атқару жүйесі де Қуандық Бишімбаевтың сотқа берген өтінішіне түсініктеме беріп, сотталушының бір заңбұзушылық жасағанын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі азаматтық некеде болған Салтанат Нүкенованы азаптап, айуандықпен өлтіргені үшін сотталған болатын. Бишімбаев жазасын Степногорск қаласындағы №5 мекемеде өтеп жатыр.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды