Бишімбаев ісі: мемлекеттік айыптаушы оқиғаның егжей-тегжейін айтты
Фото: facebook.com/KuandykBishimbayev
Айыптаушының бірі – Астана прокурорының аға көмекшісі Айжан Аймағанова тергеу мәліметтері бойынша істің мән-жайын айтты.
2022 жылғы тамызда Қуандық Бишімбаев Астанада болған кезде Салтанат Нүкеновамен танысып, оған көңілі ауып, кездесуге шақыра бастаған. Нүкенованың бірнеше рет бас тартқанына қарамастан, қыр соңынан қалмай, көңілін тапқан және қысқа уақыт ішінде өзін тек жақсы жағынан көрсеткен. 2022 жылғы 16 желтоқсанда Бишімбаев Нүкеновамен үйлену тойын өткізген, алайда бірақ некені ресми түрде тіркемеген. Нүкеновамен бірге Астанада азаматтық некеде тұрған.
Бишімбаев Нүкеновамен бірге тұрғаннан бастап оның көзқарасын елемей, қарым-қатынаста ашушаңдық, агрессивтік, өзімшіл бола бастаған. Ол Нүкеноваға туыстарымен және достарымен сөйлесуге, кездесуге тыйым салған, телефон қоңырауларын, SMS-хабарламаларын бақылап отырған.
Сондай-ақ сол кезде Нүкеноваға ақшалай жақсы табыс әкелетін астрологиямен айналысуға тыйым салып, қаржы жағынан өзіне толығымен тәуелді еткен. Сонымен бірге Бишімбаев негізсіз қызғаныштан Нүкеноваға талап қоя бастаған. Жиі жанжалдасқан, ұрысқан.
2023 жылғы наурызда Қуандық Бишімбаев Нүкенованы ұрып-соққан. 2023 жылғы 25 наурызда Нүкенова дене жарақатының фотосын түсіріп, ағасына жолдаған, бірақ ештеңе істемеуін сұраған. Содан кейін ағасы Нүкеновадан ажырасуды сұраған. Алайда ол бәрі реттеліп кетеді деп, көнбеген.
Қуандық Бишімбаев ұрып-соққаны көрсетілген фото Нүкенованың туыстарында бар екенін біліп, оны жалаңаш түрде фотоға түсіруге итермелеген. Салтанат Нүкенова оған келісім беріп, жалаңаш түрде фотоға түсіруге мәжбүр болған.
Нүкенова Бишімбаевтан бірнеше рет кетуге тырысқан, алайда Қуандық Бишімбаев кешірім сұрап татуласқан.
2023 жылы Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев Астанада ресейлік әнші Дима Биланның концертіне барған. Алайда концерт аяқталмастан ол жерден шығып, Bau мейрамханасына барған.
Екеуі шарапқа тапсырыс беріп, төрт бөтелке шарап ішкен. Осы кезде Салтанат Нүкенова қарым-қатынасты тоқтатқысы келетінін айтқан. Олар бастапқыда мейрамханадан шыққысы келген, алайда шыға алмаған. Содан кейін мейрамхананың VIP-залына барған. Екеуінің арасына әрі қарай жанжал жалғасқан.
Қуандық Бишімбаев жанжал барысында өзінің ақшасына сатып алынған заттар туралы айтқан. Содан кейін Нүкенова ішкиім және әшекейден басқасын шешіп тастаған.
Содан кейін Салтанатты бірнеше рет ұрып-соққан. Нүкенова еденге құлап түскен. Бишімбаев қылмыстық әрекетін әрі қарай жалғастырып, бөксесіне, денесіне жарақат салған. Содан кейін шашынан сүйреп, VIP-залға апарған.
Нүкенова дәретханаға тығылып, есікті ішінен іліп алған. Бишімбаев бұған ашуланып, есікті әуелі қолымен, содан кейін металлмен сындыра бастаған. Ішке кірген соң Нүкенованы қайта соққыға жыға бастаған, оның есін жоғалтқанына көзі жеткен кезде мұны тоқтатқан. Нүкенова алған жарақатынан сол кезде қайтыс болған.
Қуандық Бишімбаев өзінің туысы Байжановты шақырып, мейрамхана қызметкерлерін таратуды тапсырған.
Жаңалықтар
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді