Бишімбаев ісі: Байжановтың тергеу изоляторына келген адам туралы тексеріс басталды
Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында сотталушы Бақытжан Байжанов мәлімдеме жасағаннан кейін қызметтік тергеу басталды.
Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен хабарланды.
Байжанов құқық қорғаушы Бауыржан Мусиннің тергеу изоляторына бірнеше рет жарық сөнген соң келгенін айтты. Сотталушының айтуынша, оның қасында іс бойынша басты айыпталушы Қуандық Бишімбаев болған.
Комитет Мусиннің «Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық бірлестігінің мүшесі екенін атап өтті.
«Ұйым өз қызметін екіжақты меморандум аясында жүзеге асырады, өз кезегінде ұйым мүшелерінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адам құқықтарына мониторингі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс уақытында қатаң түрде жүзеге асырылады» деді комитет.
Тексеруді Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жүргізеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық