Бишімбаев ісі: Алқабилерге пара бермек болған әйел ұсталды
Фото: Facebook/ Гульжан Ергалиева
17 мамырда Бишімбаев ісі бойынша алқа билерге 200 миллион теңге пара бермек болған әйел ұсталды.
Бұл туралы Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамед Ертісбаев мәлімдеді.
Ертісбаевтың айтуынша, ұсталған әйел туралы Айтбек Амангелдінің сұхбаттарының бірінде сөз болған. Нукенованың ағасы Айтбек Амангелді айтып отырған әйел былтыр қазанда Бишімбаевтың бала қағып өлтіргенін айтты деп бөлісті.
Ертісбаев бұл жалған ақпарат екенін, ІІМ бұл ақпаратты ресми жоққа шығарғанын айтады.
Ал ұсталған әйел Бишімбаевтың үйіне дейін келген көрінеді. Бишімбаевтар Антикорға арыз жазған. Содан соң антикор ол әйелді ұстаған.
«Менің дереккөздерімнің мәліметінше, ұсталған әйел тергеуде ешқандай ақпарат бермей, артында дөкейлер тұрғанын айтады. Сондықтан Бишімбаевқа қатысты сот әлі аяқталған жоқ. Алда әлі күтпеген жайттар болады. Егер ол ақша соттың шешіміне әсер етуге арналған болса алқабилердің шешіміне күмән келуі мүмкін. Бұл тек болжам. Антикордың бұл іс бойынша ресми жауабын күту керек»,- деді Ертісбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық