«Бірнеше рет қылмыс жасаған»: Кісі өлтіруге оқталған қазақстандық Арменияда ұсталды
Фото: freepik.com
Бұрын бірнеше рет қылмыс жасаған ер адам кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратура мен ІІМ-нің қызметкерлері бірнеше рет сотталған қазақстандықты кісі өлтіруге оқталғаны үшін Ереваннан экстрадициялады.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінде Петропавл қаласында ер адам мас күйде жәбірленушіні бірнеше рет пышақтаған. Ол қылмыс жасағаннан кейін қашып кеткен, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.
Өткен жылдың қазан айында күдікті Армения аумағында ұсталды. Қазір ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Айыпталушыны он бес жылдан жиырма жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Айта кетейік, кеше, 15 мамыр күні Жетісуда өзенге құлап, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық