Бірнеше қалада зейнет жасын төмендетуге арналған митингілер өтті
Наурыздың 8-і күні ел астанасында, Алматы мен Ақтөбе қалаларында зейнет жасын төмендетуге байланысты наразылық акциясы өтті. Реформаларға сәйкес әйелдер 63 жаста зейнетке шығады. Шерушілер зейнет жасын 58-ге дейін төмендетуді талап етті.
Үш қалада да митинг өткізуге әкімдіктер рұқсат бермеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы. Осыған қарамастан әйелдер 2018 жылы басталған зейнетақы реформасына дейінгідей зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді талап етіп митингке шықты.
Ел астанасы, Алматы мен Ақтөбеде әйелдер «Қазақстан әйелдерінің зейнет жасын 58 жасқа дейін қысқарту қозғалысы» атты плакаттармен шықты. Ресми түрде тіркелмеген бұл қозғалыс еліміздің әртүрлі қалаларындағы әйелдерге көмектеседі.
Үш қалада да әкімдік өкілдері биліктің келісімін алмағандықтан митингіге тыйым салынды деп, әйелдерді тарап кетуге шақырды. Ақтөбеде әкімдік қызметкері жиналғандарға заңсыз митингі өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескерткені айтылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бұл әкімшілік құқық бұзушылық үшін (ӘҚБтК-нің 488-бабы) ескерту, айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу қаупі бар.
Қазақстанда зейнетақы реформасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Содан бері елімізде әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен ұлғайту қолға алынды. Жыл сайын алты ай қосылады. 2022 жылы 60 жасқа толған әйелдер зейнетке шығады. Егер туған күні екінші жартыжылдықта болса, онда әйел желтоқсан айына дейін жұмыс істейді, сәйкесінше 60,5 жыл зейнетке шығады. Қазақстандық әйелдердің көпшілігі мұндай өсімді қатты сынап, онсыз да әйел адамға мұндай жаста жұмыс істеу қиын деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық