Бір жыл іздеуде болған Бауыржан Дәуітбаевтың денесі табылды
Жарылыс болған жерден адам сүйектерінің сынықтары мен киім қалдықтары табылды. Сараптама нәтижесі олардың осыдан 15 ай бұрын жоғалып кеткен ер адамға - Бауыржан Дәуітбаевқа тиесілі екенін көрсетті.
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жазды. Ол ҚР Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ақпаратына сілтеме жасады.
Еске салсақ, 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болды. Салдарынан 17 адам қаза тауып, біреуі із-түзсіз жоғалған. Бұл Базарбай ауылының тұрғыны, өрт сөндіруші Бауыржан Дәуітбаев еді. Ол жарылыс ошағында болған.
Оның артында төрт баласы қалды, ол қайтыс болғаннан кейін бесіншісі – Аманкелді деген ұлы дүниеге келген.
Бауыржан Дәуітбаевты туыстары, Қорғаныс министрлігінің арнайы жасағы мен полицейлер іздестірді.
Амалсыз туыстары ер адамның қайтыс болғанын айтып, көріпкелдерге жүгінген. Бірақ туыстары бұған сенгісі келмеді, өйткені мәйіті табылмаған.
- Марқұмды жерлеу рәсімі 12 желтоқсанда өрт сөндірушінің туған ауылында өтеді, - деді Әбіқай.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық