«Бір үйдің 5 адамы»: ата-анасы мен бауырларынан айырылған ер адамға сот үкімі шықты
Фото: freepik.com
Ақтөбеде жол апаты кезінде бір отбасының бес адамы қаза тапқан қайғылы оқиғаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жол апатына қатысты іс қаралып, үкім оқылды. Қайғылы оқиға осы жылдың 26 тамызында болған.
Ақтөбе облысы Ойыл ауданының 28 жастағы тұрғыны Ілияс Қыдыров Хромтау аудандық полиция бөлімінде жұмыс істеген. Үйленбеген. Бұрын сотталмаған. Ол Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп талынып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол туыстары мінген көлікті тізгіндеген. Оған Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігінде «Көлік құралын басқаратын адамның жол ережесі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабымен айып тағылды. Сотталушы сөзінде бас бостандығынан айыру жазасын қолданбауды сұраған еді.
«Ата-анамнан айырылдым, бауырларымнан айырылдым. Енді бас бостандығымнан айырмауды сұраймын», - деді сотталушы.
Оның қорғаушысы да айыпталушы мен жәбірленуші тараптың жақын адамдар екенін алға тартты.
Сотталушының жақындары сот үкіміне апелляциялық шағым түсіретінін, бас бостандығынан айырмауды сұрайтындарын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық