Бір тамшы су көрмеген: Түркістандағы егіндер қурап, шаруалар шаш етектен шығынға батып қалды
Фото: Orda.kz
Түркістан облысында мақта еккен шаруалар шаш етектен шығынға батып жатыр. Жетісайдағы егін алқабының басым бөлігі жаз басталғалы бір тамшы су көрмеген. Соның кесірінен аумақта ақ алтынның орнына алқызыл гүл қаптап, қурап жатыр. Жұртты жұбатуға Су ресурстарының министрі де келіпті. Мәселені бірер күнде шешеміз деп сендіргенімен, тіршілік нәрін сол күйі көрмедік дейді қараша халық, деп хабарлайды Orda.kz.
Бірер айда өнім жинаймыз деп ниеттенген жетісайлық шаруалардың жоспары биыл күл-талқан болды.

Не жаңбыр жаумай, не арнадан су келмей қор қылды. Егіс алқабының бәрі ақ алтын берудің орнына, арам шөп басып, гүлдеп жатыр. Бұқара әр гектарға кемі 1 миллион теңге жұмсағанын айтады. Бірі 5 миллионға шығындалса, бірі 10 миллионнан аса қарызға батқанына ашынады.
«Қазір бір грамм су жоқ. Мына жақта мақта ақ бас атып кетті. Халыққа бір әділдік керек қой. Шырылдап, жалбызды ауылының балалары тазалайды. Түнімен тазалаймыз, артында су жоқ». 00:20-01:12. «Енді өнім ала алмаймыз ғой біз бұдан. Зауыттан ақша алғанбыз. Енді сол зауыттың ақшасын біз қалай төлейміз? Бала-шағаны немен бағамыз? 300 шаруа банкротқа ұшырайын деп жатыр», – деді Тұрсынбай Тағаев есімді шаруа.
Шаруалар судың тапшылығын айтты.
«Шілде айында мақта бір су ішіп, су ішкен мақта ақ гүл шығармай, адамның 85-90 см бойындай болуы керек. Қазір су жоқ ауылда. Су тапшы болғандықтан диқанның бәрі тығыл-таяңға келіп тұр. Бәрінің күні мақтаға қарап тұр қазір. Еш жерде жұмыс жоқ. Егіншілікпен күн көреді», – деді шаруа Әбдірасыл Сейілов.

Олардың сөзінше, егін басына су жеткізетін арналардан су келіп, мақта көтерілмек түгілі қурап бара жатыр. Осыны жағдайға шағымданып, Жетісай аудандық әкімдігінің табалдырығын бір жарым айдан бері тоздырып жүргендерін ашық айтты. Тіпті апта бұрын диқандармен кездесуге Су ресурстары министрінің өзі келіпті. Бірақ, өзгерген ештеңе жоқ.
«Су ресурстар министрлігін ашу керек деді. Аштық. Не пайда? Аты бар да, заты жоқ нәрсе ғой бұлар. Әлде өз ойым осындай қуаңшылықты қолдан істеп, өкіметтен ақша бөлу үшін су қоймасын салу керек деп сондайға әрекет жасау ма?», – деді шаруа.
Түркістан облысының «ҚазСуШар» инженері болса, министрлік өкілдерінің мәселені шешу үшін Өзбекстанға кеткенін айтады. «Кездесудің оң нәтижесі қазірдің өзінде байқалып жатыр» деп ақталды.
«Министрлік келді. Шаруалармен толықтай кездесу өткізді. Су қалыпты жағдайда жүріп жатқан. Мұндай жағдай болып тұрады. Себебі біздің басымызда тұрған су қоймамыз жоқ. Болмаса Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан Республикаларынан су бастау алатын болғандықтан сондай апаттық жағдайлар болады. Су азайып, көбейіп тұрады. 15 минут бұрын нақты ақпарат келді. Су көтерілгені байқалып жатыр», – дейді Түркістан облыстық «ҚазСуШар» бас инженері.
Жауаптылардың сөзіне сенсек, екі күн ішінде Жетісайдың мақта алқабына су келеді. Бірақ оның өзі кезекпен берілмек.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық