Бір тәулікте полиция қызметкерлері әрекетіне тағы 17 арыз-шағым түсті
Соңғы тәулікте сенім телефондарына 17 адам хабарласып, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне шағымданған.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Тергеуді қажет ететін барлық келіп түскен өтініштер тексеріліп (ҚБЖ тіркелген – 8 өтініш және 4 қызметтік тергеу тағайындалды) және түсіндірмелер берілді.
Бұған дейін Құқық қорғау органдары қаңтар оқиғасы фактілері бойынша 546 қылмыстық істі тергеп жатқандығы туралы жазған болатынбыз.
ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаевтың айтуынша, бұған дейін Бас прокуратураға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекетіне қатысты 32 өтініш түскен болатын.
Осы орайда Шалабаев құқықтары бұзылды деп есептейтін барлық азаматтарды Бас прокуратураның немесе аумақтық прокуратуралардың байланыс орталығына хабарласуға шақырды.
Кеше Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдайтын call-орталықтардың нөмірлерін жариялады.
Еске салсақ, 15 қаңтарда Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев азаматтардың телефондарының мазмұнын заңсыз тексеруді, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Ішкі қауіпсіздік департаментіне «аумақтық полиция бөлімшелеріне жеткізілген азаматтардан полиция қызметкерлерінің әрекетіне шағым» фактілері бойынша келіп түсетін арыз-шағымдарды мұқият тексеруді тапсырған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық