Бір тәулікте 58 жол-көлік апаты орын алды
Елорданың полиция қызметкерлері ауа райының күрт жылынып, жолдардың тайғақ болуына байланысты қала тұрғындарын абай болуға шақырды, деп хабарлайды ORDA.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан аумағында өткен тәулікте 58 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Түнде 13 оқиға болса, таңертеңнен бері тағы 24 көлік апаты есепке алынды. Бағымызға орай зардап шеккендер жоқ.
«Жүргізушілерге көше қиылысынан және жаяу жүргіншілер жолағынан өткен кезде барынша қырағылық танытып, жылдамдық режимін қатаң сақтауға кеңес береміз. Жаяу жүргіншілер үшін тайып құлаған сәтте жарақаттану қаупі жоғары. Қала тұрғындарынан жолдан және жаяу жүргіншілер жолағынан өткен кезде сақтық шараларын ұстануды өтінеміз. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті ауа райының нашарлауына және жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты қалааралық көлік құралдарының қозғалысы оқтын-оқтын шектелетіндігін ескертеді. Жүргізушілерге қалааралық сапарлардан бас тарта түруға және ауа райы мен тас жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларды қадағалап отыруға кеңес береміз», - деді елорда полициясы.
Еске сала кетейік, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 17 ақпан күні елордада тұман, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болатынын ескертеді. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күші түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы - түнде -13-15°С, күндіз -9-11°С.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық