Бір тәулікте 29 адам қар құрсауынан құтқарылды
Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанайдағы облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда қар құрсауынан 29 адам құтқарылды. 10 жеңіл автокөлік, жүк көлігі мен автобус жолда қалып қойған, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Департаменттің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар және жол қызметі басқармаларының күштері мен құралдары жұмылдырылған.
Дауылды ескертуді Қазгидромет 12 облыста жариялады: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Ауа райының нашарлауына байланысты бес облыста тоғыз жол учаскесі жабылды, 108 жылу пункті дайындалды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі тұрғындарға ескерту мақсатында ауа-райының нашарлауы туралы 16 СМС хабарлама жіберілгенін, Darmen мобильді қосымшасы арқылы 19 хабарлама жіберілгенін атап өтті.
Уақтылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін республикалық жедел штабта және аймақтарда (Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында) сенім телефоны ашылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі: 8 717 2 53 32 84, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар қызметі: 8 716 2 55 14 84, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті: 8 721 2 51 72 23, Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті: 8 718 2 20 11 12.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық