Бір қыз көліктен пышақтарды алып, жігіттерге беріп тұрды – Нұрғанат Ғайыпбаев

Талдықорғанда Шерзат Полат ісі бойынша өтіп жатқан атышулы сотта прокурор Дана Сәрсенбай марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтың алдын ала тергеу кезінде берген жауабын оқып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Нұрғанаттың айтуынша, оқиға болған күні ол үйде ұйықтап жатқан. Жеңгесі оятып, Шерзаттың біреумен ерегесіп қалғанын хабарлаған. Нұрғанат оқиға орнына барып, алдымен Шерзаттың әкесі Қаржаубаймен сөйлескен. Дүкеннің маңында Шерзаттың Дархан есімді азаматпен сөзге келіп қалғанын көреді.
«Шерзат әкесіне дөрекі сөйлеген Дарханнан «неге сөйттің?» деп сұрап жатқан. Сол сәтте Дархан сөз арасында Шерзаттың анасын боқтады. Шерзат оны ұрып жіберді. Қаржаубай болса, Дарханға: «Кішкентай баламен болған жанжалға неге басқа адамдарды шақырып тұрсың?» деді», – деп сипаттайды Нұрғанат.
Оның сөзінше, кейін ол Дарханды сабырға шақырған. Дархан кешірім сұрағанымен, дауды доғармаған. Оқиға орнына Нұрбол есімді азамат келген. Ол «Чика» деген жігітке және тағы бірнеше адамға хабарласқан.
Нұрғанаттың айтуынша, дүкен алдына жиналғандар арасынан Чика көліктен түсіп, бір топ жігітке: «Делайте!» деп бұйрық берген. Сонымен қатар, тергеу барысында Шерзаттың анасы мен марқұм Нұрғанат Ғайыпбаев қана "Чика" есімді жігіт туралы айтқан. Бұл адамның тұлғасы әлі күнге дейін анықталған жоқ. Адвокаттардың айтуынша, оның кім екені сот процесі барысында белгілі болады. Кейін өзі оқиға орнынан кетіп қалған.
«Сол кезде бір қыз көліктен бірнеше пышақ алып шығып, жігіттерге тарата бастады. Бірнеше жігіт маған жабылып, ұра бастады. Сол сәтте Шерзат жаныма келіп: «Ағатай, маған бірдеңе тығып алды» деді. Қасына барсам, пышақ сұғылғанын көрдім. Оған қарауға үлгермей, біз жаққа сегіз адам жүгіріп келді. Жараланғанымызға қарамай, тепкілей берді. Сол жерде менің саныма Абзал Шынасыл мен Нұрқияс Ілиясов пышақ сұқты. Басымнан темір затпен соққы алдым», – деп марқұм алғашқы тергеу кезінде жауап беріпті.
Айта кетейік, бұл жауап Нұрғанат Ғайыпбаевтың көзі тірісінде тергеу кезінде берілген. Ол — марқұм Шерзат Полаттың ағасы. Сот процесі басталмай тұрып, Нұрғанат қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша өз-өзіне қол жұмсады деген сөздер айтылды.
Еске сала кетсек, 28 сәуір күні өткен сот отырысында Нұрбекова оқиға кезінде телефонға түсіріп тұрған әйелдің марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова екенін мәлімдеген еді. Оның сөздері бір-біріне қайшы болған соң, жәбірленуші тараптың адвокаттары оның дәрежесі куәгерден күдіктіге ауысуы мүмкін екенін айтқан еді.
Өткен сот отырысында әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып, жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын көргенін айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куә болған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Сонымен қатар басты куәгер әрі жәбірленуші, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов та куәлік берді. Ол «Хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Осы кезде полиция туыстары мен адвокаттары өтінген соң, Қаржаубайды ұстадық деп мәлімдеген еді. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты полицияға оның жақындары ұстаңдар деп айтпағанын мәлімдеді.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді. Олар «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- «Бізге тіреу болатын ешкім жоқ»: Ақтөбеде нағашы апайынан қорыққан 5 бала көмек сұрады
- «Атасы күдікті»: Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы қыз босанды
- Тауқыметі таусылмаған Талғарда тағы да прокурор ауысты
- Ердоған Түркиядағы түркі тілдес халықтардың жұмысқа орналасу ережесін өзгертті
- Семей қаласының жаңа әкімі сайланды
- Ермұрат Бәпи Ресей букмекерлеріне қарсы: қазақстандықтардың миллиардтарын кім қалтасына басып жүр?
- Тоқаев пен Путин телефон арқылы тағы сөйлесті
- Денсаулық сақтау экс-министрі Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды
- «Бұдан да қорқынышты істер жасағанбыз»: Яна Легкодимованы өлтірген жігіттердің хаттары жарияланды
- «Еркектер арасындағы дау»: Хасан Қасымбаевтың сотында айыпталушылар жауап беріп жатыр
- «Түрмедегі қазақтар»: Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қақтығыстан қандастар жапа шекті
- «Өлген әйелдің денесін қорлады»: Шымкентте жантүршігерлік қылмыс істеген оқушының соты басталды
- 20 жылға сотталған Дикий Арманның адвокаттары үкімге шағымданғалы жатыр
- «Қарағандыдағы полиция бөлімінде қайтыс болған қыз»: Жаңа мәліметтер белгілі болды
- «Кәмелетке толмаған»: Қазақстанда «үйлену үшін қыз алып қашқандардың» алғашқы қылмысы тіркелді
- Мадагаскар президенті жастардың жаппай наразылығынан кейін елден қашып кетті
- Аты аңызға айналған Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Абай облысына келді
- Қазақстанның павильоны Жапониядағы EXPO-да бірінші орын алды
- Таразда 32 жастағы ер адам өзіне от қойып, көз жұмды
- Жөндеу ме, жауапсыздық па?: Ақан серінің мазарына ауыр техника кіріп, зираттарды басып өтті