«Бір күн ішінде кешірім сұрасын»: Айтбек Амангелді экс-министрге талап қойды
Фото: Orda.kz
Салтанат Нүкенованың ағасы Мәдениет және ақпарат экс-министрі, Қазақстан Халық партиясының басшысы Ермұхамет Ертісбаевтан 24 сағат ішінде кешірім сұрауды талап етті
Бұл туралы ол instagram парақшасында жариялады.
Еске сала кетейік, өткен аптада Қазақстан Халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев өзінің Youtube каналында «Айтбек Амангелдінің үстінен жалған ақпарат таратқаны үшін іс қозғалды» деді.
Алайда, Айтбек Амангелді ІІМ мен оның Астанадағы комитетіне сотқа дейінгі материалдарды сұрап хабарласқанда 10 маусымға дейін ондай деректер түспегенін анықтаған.
«Мүмкін сіздер үшін Ертісбаевтың өтірікші екені жаңалық емес шығар. Оның Youtube каналынан мен туралы жалған ақпарат таратып, үстімнен іс қозғалғаны жайлы айтқанын көрген шығарсыздар?
Мен Ішкі істер министрлігіне және ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінен өзіме қатысты сотқа дейінгі материалдарды сұрастырдым. Маған қатысты ешқандай іс қозғалмағанын білдім.
Автоматтандырылған жүйе берген ақпаратқа сүйенсек, 10 маусымға дейін «Арнайы есепке алатын» деректер арасында маған қатысты ондай ақпарат жоқ.
Ертісбаевтан жалған ақпарат таратқаны үшін көпшілік алдында, жария түрде кешірім сұрауын талап етемін. Әйтпесе, оның бұл әрекетіне қарсы ар-намысты қорғау туралы іс қозғалатын болады. Сондай-ақ, полицияға ҚР ҚК 274-бабына сәйкес «көрінеу жалған ақпарат тарату» туралы арыз жіберілетін болады. (2-бөлім 3-тармақша бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып)
Сонымен қатар, моральдық зиян келтіргені үшін өтемақы талап етіледі. Енді келесі кезек Ертісбаевтың еншісінде. Мен оның көпшілік алдында ке 24 сағат ішінде кешірім сұрағанын күтемін. Ізгі тілекпен, Айтбек» деп аяқтады жазбасын Айтбек Амангелді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық