«Бір көзі көрмей қалды»: БҚО-да абайсызда оқушыға оқ атқан адам сотталды
Жеке архивтен
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық соты мектеп оқушысының аңшылық кезінде қарудан жарақат алу ісін қарады. Айыптыға сот 5 млн өтемақы төлеуді міндеттеп, өзін қатаң режимдегі колонияға 6 айға жіберді, деп хабарлайды Orda.kz.
Өңірдегі «Менің қалам» порталының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы 3 ақпанда 16 жасар Нұрмұхан Шайхісләм анасының рұқсатымен Шапай ауылынан ағасы және көршілерімен бірге орманға шыққан. Жабайы аңды қуып жүрген кезде, оқушыға ИЖ-43 қаруынан атылған оқ тиген.
Оқыс оқиға нәтижесінде Нұрмұхан бірнеше ота жасатып, оң көзінен айырылды. Оның денесінде металдан жасалған оқ жарықшақтарының ізі қалды.
Сот алдында зардап шеккен оқушының 30 жастағы көршісі Владимир Липатов тұр. Ол ҚР ҚК 114-бабының 3-бөлімі бойынша «абайсызда денсаулыққа зиян келтіру» бабымен айыпталды. Липатов өзінің кінәсін мойындамайтынын, тек қоянға атқанын және оқушыға тиген-тимегенін білмейтінін айтты.
18 қыркүйекте сот Владимир Липатовты кінәлі деп танып, алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, жазаны қатаң режимдегі мекемеде өтеуі тиіс. Сонымен қатар, ол 2 289 407 теңге материалдық және 5 миллион теңге моральдық зиянды өтейді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және апелляциялық шағым беруге жатады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық