Бір аптада Кабулдан 25 мың ауған эвакуацияланды
Соңғы бір аптада Талибандар Ауғанстан билігіне келгелі бейбіт халық үйлерін тастап, АҚШ бақылауында қалған жалғыз нысан Кабул әуежайына бет алған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Әуежайға кірер аймақта адамдар лық толып, салдарынан 20 жуық адам қайтыс болған. Адамдар АҚШ пен оның одақтастарының әскери күштері өз елдерінің азаматтарын және олармен ынтымақтас, әріптес болған ауған азаматтарын шұғыл эвакуациялап жатқан сәтті пайдаланып, Ауғанстаннан шығып кетпекші болған. Мұндай ақпаратты НАТО өкілі 22 тамыз күні айтты.
Кабул әуежайы АҚШ қарулы күштерінің бақылауында. Ал оған барар жолды Талибандар күзетіп тұр.
Ақпаратқа сүйенсек, әлі де 10 мың адам әуежайға кіруге ниетті. Бірақ АҚШ барлығын бірдей әуежайға кіргізіп жатқан жоқ.
Қазір Кабул әуежайы азаматтық рейстерге 48 сағатқа жабылды.
Әуежайда мерт болған адамдардың біріне оқ тисе, енді бірі аяқ астында тапталып қалған. Британ солдаттары 21 тамыз әуежай маңында 7 адам аяқ астында қалып, тапталып, көз жұмғанын растаған.
14 тамыздан бері Америка әскері 25 мыңға жуық адамды эвакуациялаған. Эвакуациялануға тиісті адамдардың нақты саны белгісіз.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан
Ертең, 24 тамызда Ауғанстаннан адамдарды эвакуациялау мәселесі «Жетілік тобы» елдері басшыларының онлайн саммитінде талқыланады. Мұндай ақпаратпен Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон бөлісті.
Айта кетсек, АҚШ әскері 31 тамызда Ауғанстаннан шығып кетуі тиіс.
Жергілікті халық Талибандардың берген уәделеріне сеніп тұрған жоқ. Себебі, олардың айтуынша, елде тәртіпсіздіктер жайлап жатыр.
Қазіргі таңда Ауғанстандағы Кабулдың солтүстігіндегі Панжер шатқалында ғана Талибандар билік орнатпаған.
Еске салсақ, 15 тамызға қараған түні Талибан содырлары үкімет әскерінің бақылауындағы ірі қала Кабулға кірді. Талибандар елорданың үлкен бөлігін бақылауға алып, президент сарайын басып алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық