Бір ай бұрын Чехияда жоғалған жігіттің әкесі мәлімдеме жасады
Осыдан бір ай бұрын Чехияда жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің әкесі ұлын әлі іздестіріп жатыр.
Қазақстандық Олег Кузьмин Чехияға оқуға түскен. Ол ақпан айының соңында Прагада жоғалып кеткен. Жас жігітті әлі іздестіріп жатыр. Әзірге еш нәтиже жоқ.
Олегтің әкесі Сергей Кузьмин 12 наурыз күні Прагаға ұлын іздестіріп барды. Әкесі екі апта бойы іздеу жұмыстарына өзі шығып жүр.
Жас жігіттің жоғалғанына бір айдай болып қалған. Алайда әлі хабар жоқ. Жергілікті құқық қорғау органдары баланың әкесінің өтініші бойынша екі мың камераның жазбаларын көрсеткен.
«Уәде етілген ынтымақтастық қайда? Қауіпсіздік қайда? Неге біз балаларымызды қауіпсіз елге жіберіп алып, оның қайғысын көруіміз керек?! Прага полициясы неге көмектескісі келмейді? Олардың ештеңе таппадық, ертең келіңіздер деген сөздерін тыңдаудан шаршадық» деп жазылған жазбада.
Қазіргі таңда жоғалған Олег Кузьминді жақындарынан басқа еріктілер де іздестіріп жатыр. Олар баланың Google-аккаунт арқылы оның қозғалысын анықтаған.
Сергей Кузьминнің айтуынша, полиция кез келген айғақты құқық қорғау органдарына жіберуді сұрады.
Ол адамдардан көмек сұрап, ұлы ұрлануы мүмкін деген болжамымен бөлісті.
Қазақстандық студент Олег Кузьмин 2019 жылы Ambis университетіне оқуға түскен. Прагадағы Blanice жатақханасында тұрған.
Еске салсақ, 26 ақпан күні 20 жастағы Олег Прагадағы түнгі клубтардың бірінде жоғалып кеткен. ҚР Сыртқы істер министрлігі Чех полициясының жас жігітті іздестіруді жалғастырып жатқанын хабарлады. Консул жағдайды жеке бақылауында ұстайды деп сендірді.
Жаңалықтар
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды