Биллклинтон Осипов Алматыда учаскелік полицей қызметкері атанды
фото: әлеуметтік желіден
Алматыда Биллклинтон Осипов есімді ерекше адам тұрады. Ерекше есімді еншілеген қазақ жігіті қазіргі таңда учаскелік полицияда жұмыс істейді.
Өзгеге ұқсамайтын аттың иесі Биллклинтонның суреті WhatsApp желісі арқылы тараған.
Tengrinews.kz хабарлағандай, есімін АҚШ-тың экс-президенті құрметіне атаған Биллклинтон Осипов Оңтүстік Қазақстан тумасы. 1996 жылы туған. Ерекше есімді оған ата-анасы таңдап қойған екен. Сол жылдары АҚШ-тың 42-ші президенті ел арасында кеңінен танымал болған еді.
– Менен үнемі менің шың атым бар ма, жоқ па деп сұрайды. Төлқұжат бойынша аты-жөнім осындай. Маған өз есімім ұнайды. Балалық шақта ыңғайсыз болған. Бірақ қазір бәрі жақсы, – дейді Биллклинтон.
Биллклинтон Серікұлы атын өзгерту туралы ешқашан ойламаған. Оны туыстары мен жақындары Билл деп атайды. Баласына әдемі есім таңдаған анасы сол уақытта Билл Клинтонның ерекше адам болғанын атап өтті.
– Мен ұлымның әдемі және дені сау болып өскенін қалаймын. Мен сол уақытта теледидардан Билл Клинтонды жиі көретінмін. Жақсы адам, – деп түсіндірді жігіттің анасы Кабила Осипова.
Биллклинтонның өзі саксофонист болғысы келген. Бірақ соңында жігіт құқық қорғау органдарындағы қызметті таңдап, бағытын осы салаға бұрған. Жігіт үйленген. Учаскелік инспектор болып жұмыс істейді. Бұған дейін ол біраз уақыт банкте қызмет атқарған.
– Негізінен әкімшілік құқық бұзушылықтармен, қоғамдық құқықтық тәртіппен, отбасылық зорлық-зомбылық мәселелерімен жұмыс істейміз. Маған полицияда жұмыс істеген ұнайды, – деп түйіндеді Биллклинтон Осипов.
Бір адамның есім-сойын алған жігіт сәті түсіп жатса АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтонмен жеке кездесуге қарсы емес.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық