Білім министрлігі желіні шулатқан ақпаратқа түсініктеме берді
ҚР Білім министрлігі вакциналауға 12 жастан асқан мектеп оқушыларының тізімдерін жинау туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Әлеуметтік желілерде Қызылорда облысы Жалағаш ауданының білім бөлімінің басшысы қол қойған, мектеп директорларының атына жазылған құжат пайда болды. Құжатта 12 жастан асқан балаларға екпе егу жоспарланып отыр, мектеп оқушыларының тізімдері 9 қыркүйекке дейін тапсырылуы тиіс делінген.

Білім және ғылым министрлігі Orda.kz сайтына министрліктің құжатқа қатысы жоқ екенін айтты.
– Ешқандай бұйрық болмады, оған біздің ешқандай қатысымыз жоқ, - деді министрліктің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалардың тізімін де жинамайтынын хабарлады.
- Біз ешқандай тізім жинамаймыз, бізде ақпарат бар. Біз тек жүкті әйелдер мен 12 жастан асқан балаларға осы жылдың төртінші тоқсанында вакцина егуді жоспарлап отырмыз. Америкалық Pfizer компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Барлығы тек ата-ананың келісімімен болады, біз ешкімді мәжбүрлемейміз, - деп сендірді департамент өкілі Ержан Байтанаев.
Еске салсақ, шілдеде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Pfizer екпесі келген бойда ата-аналар балаларына екпе салдыруға ниетті деген болатын. Екпе 12 жастан асқан мектеп оқушыларын иммунизациялауға қолданылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық