Білім министрлігі Қазақстанда ресейлік ЖОО филиалдарын ашу бойынша келіссөздер жүргізді
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мен Ресейдің ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісті.
ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 желтоқсанда министр Асхат Аймағамбетов пен ресейлік әріптесі Валерий Фальков телефон арқылы сөйлескен.
Министрлер жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ ынтымақтастық туралы жаңа үкіметаралық келісімге қол қоюды талқылады.
Келісімдер аясында 28 желтоқсанда Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев бастаған еліміздің ұлттық университеттерінің ректорларынан құралған қазақстандық делегация Мәскеуге аттанды.
Қазақстандық делегация Ресейдің Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерімен, Мәскеу физика-техникалық институтының, «МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университетінің, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің басшылығымен кездесті.
«Біз бұл университеттерді аралап, ынтымақтастық және елімізде ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы келіссөздер жүргіздік. Сондай-ақ, біз қолданыстағы келісімдер мен бірлескен бағдарламалар аясында тығыз ынтымақтастық туралы келістік» деді вице-министр Қуаныш Ерғалиев.
Оның айтуынша, «Болашақ» стипендиаттарының ресейлік жоғары оқу орындарында оқу және тағылымдамадан өту бағытында жұмысты жандандыру бөлек бағыт болмақ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық