Білім грантына 104 мыңнан астам талапкер өтініш білдірді
Фото:Pexels
Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға 104 мыңнан астам талапкер өтініш білдірді. Өткен 2023 жылы 94 мың өтініш қабылданған.
Бұл туралы, ҚР Ғылым және жоғары білім министірлігі хабарлайды.
Биыл бакалавриатқа 79 мыңға жуық грант бөлінген. Ең көп гранттар инженерлік-техникалық салаларға қарастырылған. Сонымен қатар, осы жылы оқу ақысын ішінара төлейтін сараланған гранттар алғаш рет енгізілді. «Педагогика ғылымдары» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» мемлекеттік білім беру бағдарламасына 150 сараланған грант бөлінді. Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы бойынша талапкерлерге 3903 грант бөлінді. Гранттар тізімінде халқы тығыз орналасқан, жаңадан құрылған және батыс өңірлердің жастары үшін жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған 5000 мақсатты білім беру гранттары бар.
Талапкерлер өтініш білдірген ең танымал қала – Алматы, 42 мың бала талап білдірген. Астана оқу орындарына оқуға 22 мың өтініш қабылданса, Шымкенттегі жоғары оқу орындарына 6,5 мың адам құжат тапсырған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық